Tagan part :
Бір екі, бір екі тексердім микрофонды
Суды бұр тап мәтінді ұстадым қолға
Сәтти қос бауырым дайынмын
Нуриман, Солақай қасымда әрдайым
Күн сайын ойымда осы жинақ
Қай жақта болсамда қолымда қалам парақ
Жоқ атақ керек емес қатты ол
Кішкене болсада қазақ рэпке көңіл бөл
Әуені домбыра болмаса болмасын мейлі
Елім деп жүрек соғады тек қалмасын кедейіп
Баяғы ақ кроспен бойымен көшенің
Жаңбырлы кеш аз ошеімін
Құлаққапта жаңғыруда қазақша рэп
Әсіресе G-Had және Тарланның трегі
Жақаудың демі Биконың жайлы дауысы
Тыңдап жүргенде кезекпен кезек ауысып
X-Records немес Джиада Sound
Дұрыс балдармен беремін сізге нокаут
Бәрі орнымен және болады солай
Әлі жүрмін рэпке терді төгіп маңдайдан
Ақша қайдан тиын болмаса қалтада
Есіктің алды, миым, көше, Гүлжан апа
Осы ойларыды таптым рэптің ішінен
Сағынада жасаймын халқымның күшімен
Өнердің інінен биікке өрмелеп
Нақты сеніммен жиі сэмпл іздеп
Өзің білетін өлеңді жаттап тыңда
Таған қасыңда бірігіп тек алға
Рэп менікі және менің қалауым
Ақтау осы менің таңдауым