-Саламатсызба?! Сіз рэпке алғаш қашан қадам бастыңыз?
- Саламатсызба?! Жалпы 4 сыныпта қадам бастым. Көпшілік сенбейтін болар, бірақ ол солай. Сізге өтірік маған шын. Бірақ алғаш трэгімді 7-ші сыныпта жаздым.
- Жалпы рэп туралы түсінігіңіз қандай? Оған деген қызығушылық неден басталды?
- Менің оған деген қызығушылығым ауылымнан көшкеннен кейін басталды. Жалпы ондай қатты беріліп түсінігін зерттеп көрген жоқпын.
- Сонда ауылдан қалаға келгенде басталдыма?
- Сол кезде мен көңіл бөле рэппен айналыса бастадым.
- Сізді рэпте Кадем Адай баласы деп танып жатамыз және де өзге рэперлерге қарағанда даусыңызда ерекше болып келеді? Сол жайында айтып кетсеңіз?
- Бұрын көптеген қазақ әншілердің әндерін айтып жүрдім, яғни поп жанрындағы әндерді. Содан кейін коп әнші көп болып кетті, өзіме бір ерекше дауыс немесе стиль дейдіғой соны жасадым.
- Жеке өміріңіз туралы қысқыша тоқталсақ?
- Шын есімім Ерсаинов Қуанышбек Қабдрахманұлы. 1992 жылы 13 мамыр айында Атырау қаласында дүниеге келдім. Үйдің үлкені мен, менен кейін жалғыз інім бар Қайырбек. 33-ші орта мектепті 2009 жылы бітіріп, қазір Алматы қаласындағы Аль-фараби атындағы университеттің «механико-математика факультетінің 3 курс студентімін. Болашақ мамандығым «Механик».
- Алдағы мақсаттарыңыз қандай? Өмірдегі ұстанымыңыз барма?
- Алдағы мақсаттарым көп, солардың ішіндегі біреуі осы қазақша рэпті биікке көтеру. Ұстанымым «Қиындыққа қарсы тұру, дегеніме жетем».
- Бізді қуантар жаңалық, сіз жақында альбом шығармақшысыз. Сол туралы айта кетсеңіз?
- Иә бұйырса, ол туралы айта кеткенде осы менің ен алғашқы микстейп альбомым. Осы альбомды шығару себебім, бір күні студияда әндерімді айтып жүргенде ойыма келді, тыңдармандарыма жаңа жылға сыйлық ретінде деп. Алдымен осы альбомды шығарып көрем, оны халық ақалай қабылдайды соған байланысты келесі альбомым шығады. Егер жақсы қабылдаса келесі альбом «Меломан» дүкендерінен көретін боласыз, ИншаАллах.
- Сіздің қоржында қанша клип және қанша әндеріңіз бар?
- 1 клип бар, 20-30 шақты әндерім болып қалуы керек.
- Үлгі тұтар рэперлеріңіз барма? Және рэперлерден кімдерді қолдайсыз?
- Үлгі тұтар рэпперім жоқ. Қазақша рэп жасап жатқан жігіттердің барлығын қолдаймын.
- Қазіргі кезде немен айналысып жүрсіз?
- Сабақпен.
- Көбінесе рэптті қандай стильде орындайсыз?
- Көбінесе хардхор стильде орындаймын. Қазір кішкене сол хардхор, бірақ клубқа жақын түрге көшіп жүрмін.
- Өнердегі серіктестеріңіз кім?
- Серіктестерім өте көп.
- Қазақ рэпінен басқа өнермен айналысасызба? Немесе шаруашылық жұмыстармен?
- Ұйымдастыру жұмыстарымен айналысқанды ұнатамын. Қазақша рэптен басқа өнермен айналыспаймын. 2009 жылы Bstar.kz сайтының рэп сайысынан 1-ші орын алдым.
- Сол рэп сайыс сіз үшін қиын болдыма? Қарсыластарыңыз кім болды?
- Жалпы қиын тақырыптар болды. Қарсыласым финалда Жаңаөзендік Aset 2 Best болды.
- Сол рэп сайыстағы ең қиын және қызық сәттеріңізді айта кетесізба?
- Ең қиын сәттері маған биф болды, негізі мен рэпте балағат сөздер айтпаймын, сол себептен қиын болды. Қызығы деген, 1-ші кезеңде әркім өзінің бала-бақшасы туралы айтқаны қызықты болды.
- Сізге тыңдарман сөзінің әсері барма? Сол жөнінде қысқаша айтсаңыз?
- Тыңдаушым көбейген сайын шабытым арта түседі. - Осы өнер жолында қиыншылықтар болдыма? - Әрине адам баласы болған соң, қиыншылықтар болады.
- Қазақ рэпі сіз үшін несімен ерекшелінеді?
- Ерекше ештеңесі жоқ.
- Біздін сайттың оқырмандарына жәнеде осы жобаны ұйымдастырған «Alash Production»-ға қандай тілегіңіз бар?
- Табыс тілеймін, тек қана алға. Осындай жобаларды келесіде тағыда көбірек ұйымдастыра беріңіздер, алдағы мақсаттарыңыз орындала берсін. Денсаулықтарыңыз мықты болсын. Келе жатырған жаңа жылдарыңызбен!
- Сізгеде соны тілей отыра, алдағы уақытта шығатын альбомыңыз тыңдармандар құлағына жетіп биік мақсаттарыңызға жетіңіз. Бізбен бірге сұхбаттасқаныңызға рахмет.
- Аминь айтқаныңыз келсін. Әрқашанда сіздергеде рахмет.
Сұхбат өткізген Ырысгүл Пилтан.