- Сізге алғашымен қойылатын сұрақ, сіз қай жылдан бері рэп өнерімен айналысып келе жатырсыз?
- Ұмытпасам 2007 жылдан.
- Рэп өнеріне келуіне, сізге кім көмектесті немесе қалай келдіңіз?
- Негізінде ешкім көмектескен жоқ, жалпы сол 2007 жылы «Underground Masters» деген рэп группа болды, солардың "Бастама" деген трэгіне қызығып, рэпке қызуғышылық оянып, кіріп кеттік солай рэпке.
- Өзіңіз айтқандай қызығушылық дедіңіз. Қазақ рэпіне деген қызығушылық неден, қалай басталды? Толығырақ айтып берсеңіз?
- Жалпы сол «Underground Masters», «West Wall»деген топтар болды, әрине «Д.М.Х», «Смерч» осылардың трэктерін тыңдай беріп, маған неге айтып қарамасқа деген ой болды. Содан соң солай айтып қарадық. Ұнады, қызыға бердім, жаза бердім.
-Өзіңіз туралы қысқаша айта кетсеңіз?
- Менің есімім Манарбек, 1994 жылы туылдым. Ақтау қаласына 2000 жылы, Атырау қаласынан көшіп келдік. Үйде анам екеуміз тұрамыз. Ағам бар, ол әскерде. Ал әкем болса, ол анаммен ажырасып кеткен, сондықтан бізбен тұрмайды. 11 сыныпта оқим. Сонымен қатар рэп оқим. Ақ көңіл және жаман ұялшақ баламын.
-Сіз бұрын Солақай есімді танылып жүрдіңіз. Содан соң неге «Alash Hip-Hop Battle» 2010 интернет сайысында Солмафен есіміне ауысып кеттіңіз?
- Шынымды айтсам қызық үшін солай кірдім. Тыңдармандар менің Солақай екенімді танима? Сол жағын қарағым келді. Жалпы қызық үшін.
- Солақай деген лақап есімді не себепті қойдыңыз? Расында солақайсызба? Сол қолмен тамақтанып, сол қолмен жазасызба?
- Иә солақаймын өмірде, сол қолыммен жазам, сол қолыммен тамақтанам, тіпті доп теуіп жатқанда да сол аяқпен тебем. Сондықтан осылай солақай болып кеттік рэпте де.
- Солмафен деген ұғым қандай мағына береді?
- «Сол» - Солақай, «Ма» - Манарбек, «Фен» - Феникс. «Феникс» деген баяғыда бала болып жүрген кездегі рэп тобымның аты солай болды.
- Сіз " Alash Hip-Hop Battle" 2010 интернет сайысына не себепті қатысқан едіңіз?
- Шынымды айтсам, досыма бэтл болып жатқан сайт болса жіберші дегенде, ол осы «Алаш» проның сайтын жіберді, солай тіркелдім. Ал жалпы өзімді сынағым келді.
- Осы сайыстың жеңімпазы атану, яғни,1-ші орын, бас жүлдені алам деген сізде ойда болдыма?
- Бір жағынан болды, ал бір жағынан болмады.
- Сіз үшін «Alash Hip-Hop Battle» 2010 интернет сайысы басқа сайыстарға қарағанда қалай өтті?
- Өте жақсы өтті. Басқа қатысушылар әділ өтті десе, мағанда әділ өткені. Бұл менің екінші қатысқан сайысым болатын.
- Сайыстың жүру бағдарламасы, ереже, тақырыптары көңіліңізден шықтыма?
- Иә, әріне көңілден шықты. Бифф тақырыбын беріп еді, ал мен бифф дегенді мүлдем айта алмаймын, сол жағы қиын болды тек.
- Сайыста ең қиын және оңай қарсыластар болдыма? Кімдер, атап кетсеңіз?
- Оңай, қиын деп айта алмаймын, бәрі жақсы жасады-ау дим. Бірақ менімен Erkin Eagle қалыспады, сол шығар қиындауы.
- Осы жүлделі орынға ие болған сайыста, қызықты оқиғаларыңыз болдыма?
- Ондай қызықты оқиға болған жоқ жалпы. Негізінде осы сайысқа қатысып кеткенімнің өзі қызықты оқиға болған секілді.
- Сайыстан ойға тиянақты не үйрендіңіз? Не ұқтыңыз?
- Сайыстың осылай болып тұру керектігін ұқтым. Адам өзінің өнерін тек солай ғана тексеруге болады.
- Өнер жолында және өмір жолындағы, алда биік мақсаттарыңыз барма? Қысқаша айтып кетсеңіз?
- Бар. Мақсат, бір жақсы альбом шығарғым келеді, mixtape емес. Сосын беделді, рэпті жақсы жасайтын, үлкен ардагер ағаларды шақырғым келеді альбомға.
- Жаңа өзіңіз беделді, рэпті жақсы жасайтын, ардагер ағалар дедіңіз. Сонда сіз үшін олар кімдер? Есімдерін атап кетсеңіз.
- Айта кетсем, Жақау, Аль Наср, Тарлан, Бико, Таған, Сэтти. Ал орыс тіліндегі рэпте өте көп. Ішінде Ассаи, Гуф, Триагрутрика.
- Қазіргі өміріңізде немен айналысып жүрсіз?
- Қазір тек қана ҰБТ-ға дайындалып жүрмін. Оқитыным сабақ, дайындалатыным ҰБТ.
- Қазақ рэпі сіз үшін қандай болып келеді? Несімен ерекшеленеді?
- Қазір мен дым айта алмаймын. Бірақ 5 жыл немесе 6 жылдан кейін қазақ рэпі дұрысынан дамиды деген сенімдемін. Қазақ рэпі менімше, қазақ тілінде айтылғандығымен ерекшеленеді.
- Неше трэгіңіз бар? Клиптеріңіз барма қоржыныңызда?
- Жалпы санаған жоқпын, көп емес екенін білемін, 30-ға жуық бар шығар. Ал клип мүлдем жоқ, қызықпаймын. Ұялшақ болғасынба білмедім, клипке түскім келмейді.
- Тыңдаушы қауымның сізге деген, сіздің өнеріңізге, сондай-ақ сіздің әндеріңізге деген ойын құптайсызба?
- Жалпы құптаймын. Егер мен біреуге өтірік бақырып, біреуді балағаттап дисс жазып, темекі шеккен жақсы деп трэк шығарып жатсам, құптамайтын едім. Жалпы тыңдармандардың өздері түсінеді.
- Әндеріңіз қандай стильде?
- Лирика, еркін стиль негізінде.
- Өнердегі жетістіктеріңіз барма?
- Жетістік жоқ, тек осы «Алаш» бэтлынан 1-ші орын алдым, сосын көптеген рэпте дурыс жақсы ағалармен таныстым. Осыны жетістік деп ойлаймын өз ойымша.
- Онда алдағы уақытта жетістіктеріңіз көп болсын, сізге сәттілік тілейміз! Сұхбат соңына келе, біздің сайттың оқырмандарына және жоба ұйымдастырушысына қандай тілегіңіз бар?
- Рахмет сендерге, осылай көңіл бөліп сұхбат алғандарыңа, меніңде көңілім көтеріліп қалды. Ал «Алаш» қауымы өркендей берсін, тоқтамасын ғұмыры. Сайыстар жасай берсін, халықты таңғалдыра берсін. Творчествалық табыс тілеймін.
- Сізгеде өнер жолында, өмір жолында да үлкен сәттілік, бақыт, тілейміз! Сізбен сұхбаттасқанымызға, біздіңде көңіліміз көтеріліп қалып жатқан жайымыз бар.
- Көп-көп рахмет. Peace!!!
Сұхбат өткізген Ырысгүл Пилтан.