- Сәлеметсізбе? Өзіңіз жайлы қысқаша айта кетсеңіз? Рэп жолына қалай келдіңіз?
- Сәлем. Қарапайым отбасында тәрбиелендім. Әпкемнің қолында өстім. Рэп өнеріне BREAK биі арқылы келдім. Әрине достарымда көмектесті.
- Қазіргі таңда тындарман құлағына жеткен қанша әндеріңіз бар?
- Есімде жоқ. Шамамен 150-дей.
- Ал, Y.C Pro-нын қоржынында қанша бейнеклиптер бар?
- Қазір 5, бірақ алдағы уақытта тағыда басқа бейнеклиптер түсіреміз деп жоспарлаудамыз.
- Жақсы ал тыңдармандарға жеткен қанша альбомыңыз бар?
- Біреу.
- Рэпті қашан бастадыңыз? Неше жыл болды?
- Y.C Pro-ны 3 жыл бұрын аштым, рэпте жүргеніме 3 жылдан астам уақыт болды.
- Рэптегі қуанышыңызды қашанға дейін көреміз?
- Депутат болғанша.
- Жоғарыда өзіңіз айтып кеткендей, болашақтағы мақсаттарыңыз жайлы айтып кетсеңіз?
- Болашақта еліміздің көптеген істерін тындырып тастағым келеді. Рэп өнерін биікке көтере отыра қазақ тілін бүкіл Қазақстанда, санды ету.
- Қазақ рэпі сіз үшін өміріңізде қандай орын алады?
- 10 орын алады.
- Өнердегі және өмірдегі арқа сүйер достарыңыз барма? Есімдерін атап кетсеңіз?
- Өмірде де өнердеде достарым көп. Жандай достарым ЖАҚСЫЛЫҚ, Руслан, Рауан, Тамер.
- Табынушыларыңыздың ой-пікірін құптайсызба? Жәнеде оны рэп жолында колданасызба?
- Әрине, қолданамын.
- Өнер дегенді қалай түсінесіз?
- Табиғаттан берілетін немесе уақыт өте келетін зат. Өмірде де Өнердеде.
- Жас рэперлерді қолдайсызба?
- Әрине, қазақ рэпіне таланты,талпынысы болса.
- Сіз Қазақ рэпінің дәрежесін өз деңгейіне дейін көтердім деп ойлайсызба?
- Солтүстікте солай ойлайды. Ал менімше үлес қосқаныма қуаныштымын және үлес қосуға әзірмін.
- Өлең жазғанда өмірде болған, басыңыздан өткен оқиғаларды ақ параққа түсіресізбе? әлде ойдағыны ма?
- Әрине екеуінде қолданамын.
- Қазірге дейін рэпте жүрдіңіз, сүйгеніңізге, тума-бауырларыңызға жазған әндер барма? Және қандай стильде айтасыз көбіне?
- Әрине бар. Әртүрлі стильде ғой.
- Рэпте жүргеніңізде қандай рэперге қызығушылық танытасыз?
- Eminem.
- Ал қазақша рэпте?
- Ерболат.
- Қазіргі өміріңіз жайлы қысқаша айта кетсеңіз?
- Бизнеспен айналысып жүрмін.
- Сұрақтың соңына келе біздің сайттың оқырмандарына жәнеде осы жобаны ұйымдастырған «Alash Production»-ға қандай тілегіңіз бар?
- Тәуелсіздігімізге 20жыл. Бәрін құттықтаймын,атам аңсаған заман енді, тілді қазақ ойлан.Ал, продакшндарыңа жайнап биіктерден көріне берсін.
- Сізгеде өнер жолында, өмір жолындада үлкен сәттілік бақыт тілейміз! Бізбен сұхбаттасқаныңызға көп-көп рахмет, сізден сұхбат алғанымызға бізде қуаныштымыз!
- Сендергеде көп-көп рахмет!
Сұхбат өткізген Ырысгүл Пилтан.