1. Анам сізді сағындым, кұшақтағым келеді,
Менің рэп деген ісіме ешқашан мән берменіз,
Өмірде адамдар жоқ, сіздермен тенесетін,
Жалғыз інім бар мен жоқ кезде қорған боп жүретін,
Баланы жастан демекші, мен өстім тәрбиелі,
Ата ананы құрметте, ол адамдар киелі,
Жоламадым әлі күнге дейін мен арақ шарапқа,
Темекініде шекпедім жалғанда жаратқан,
Ниетім барлығына түзу дұрыс жағына,
Өткен кеткенді еске алып қарамаймын артыма,
Жылағым келеді,көздерімде жасымды ұстаймын,
Әке анам інімнің амандықтарын мен сұраймын,
Өмірдің мәні отбасы,сәніде сол отбасы,
Отбасынан басталады нағыз тәрбиенің басы,
Адамдарды бөлме бәріне қара бірдей,
Өмірің өтіп кетпесін жалғыздықпен үндемей…
Қайырмасы:
Қате істерімді, кешірініздер мені,
Көздегі жастарым қуаныштан ағады себебі,
Мен қуаныштымын әрбір атылған таңыма,
Мыңдаған шексіз алғыс бір жаратқан АЛЛАМА…
2. Ешқашан бес жандай дос, бірге болмайды,
Сондай әдемі сөздермен түсіндірдіңіз талайын,
Ата анамның тұнғышы болсамда еркелемедім,
Сіздердің амандықтарыңызды қалайды жүрегім,
Жүрекпен не сеземін, соны параққа жазамын,
Біреу үшін тентек,біреуге дұрыс баламын,
Жетседе қанағат,жетпеседе қанағат тұтамын,
Әкем уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады,
Маған сеніңіздер мен далада қалмаспын,
Болашақ деген емеспе?осы өмірдің жалғасы,
Мен ойлана аламын, алып қолыма қаламды,
Ата ана ұрыспайды,жақсы болсын деп айтады,
Қадірле қасыңда барда,рахметіңді жеткіз,
Бар жақсылықты тілеймін, сіздерге шексіз,
Әкем кешіріңіз,Анам кешіріңіз,
Шын жүректен сұрайды, сіздерден ұлыңыз…
Сіздерден ұлыңыз…